Шавкат Рахмоновтың октагонға шығатын уақыты мен қарсыласы белгілі болды. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шавкат Рахмоновтың октагонға шығатын уақыты мен қарсыласы белгілі болды.

29.06.2023

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың октагонға шығатын уақыты мен қарсыласы белгілі болды. UFC президенті Дана Уайт жеңілмеген спортшының 16 қыркүйекте америкалық Кевин ГАстЕлумМен айқасатынын мәлімдеді. Бұл кештің негізгі жекпе-жектерінің бірі болмақ. Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесінде алтыншы орында тұр. Ал «Номад» бұған дейін UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу