Президент аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады

27.03.2023

Президент аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. Әрі мықты атлеттердің жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін жеткізді. Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Шавкат Рахмонов, аралас жекпе-жек шебері:

Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болдым, өте қарапайым кісі екен. Өткенде де Наурыз мейрамында құттықтап өзі арнайы қарсы аламын деп өзі айтқанды. Сондықтан бүгін келіп бетпе бет сөйлесіп, жалпы жақыннан таныстық. Жалпы кездесу өте керемет өтті. Мен үшін үлкен абырой.

Хабарламаларға жазылу