M-1. Қазақстандық Шавкат Рахмонов алғашқы жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

M-1. Қазақстандық Шавкат Рахмонов алғашқы жеңіске жетті

18.10.2014
M-1. Қазақстандық Шавкат Рахмонов алғашқы жеңіске жетті

Аралас жекпе-жектен Азия және Әлем чемпионы Шавкат Рахмонов (77 келі) «M-1 Challenge 52 Битва Нартов» турнирінде өзінің кәсіби деңгейдегі алғашқы жеңісіне жетті.

19 жастағы қазақстандық спортшы өткен жылы Әлем чемпионы атанса, осы жылы күміс медаль алған. Ал, кәсіпқой алаңда оның алғашқы қарсыласы Адам Цуров болды. Жекпе-жекті белсенді бастаған Шавкат қарсыласының қолына ауыртпа әдіс жасап, жеңді. Ингушетиялық спортшы үшін бұл алғашқы жеңіліс.

Фото: sport.gov.kz

Хабарламаларға жазылу