Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды

19.06.2023

Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды. Ол Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде Америкалық Белал Мұхаммадпен кездеседі. Жекпе-жек жиырма бірінші қазанға жоспарланған. Белал Мұхаммад ММА-де 25 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен. Ал Шавкат Рахмонов 17 кездесуінің бәрінде жеңімпаз атанған. UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмонов алтыншы, Белал Мұхаммад үшінші орында тұр. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу