Аралас жекпе-жек спортшысы Шавкат Рахмонов елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аралас жекпе-жек спортшысы Шавкат Рахмонов елге оралды

08.02.2022

UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізген қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Шавкат Рахмонов елге оралды.

Алматы әуежайында жеңімпазды жақындары мен жанкүйерлері қошеметпен қарсы алды. Отандасымыз Лас-Вегаста өткен турнирде гайандық Карлстон Харристі тізе бүктірді. Жартылай орта салмақ дәрежесінде ұйымдастырылған кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Алайда жерлесіміз бірінші раундта қарсыласынан басым түсті. Спортшы бұған дейін де атақты промоушенда екі рет жекпе-жекке шығып, екеуінде де жеңіске жеткен. 27 жастағы Шавкат өзінің мансабындағы барлық 15 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, өзіндік рекорд орнатты. Алдағы мақсатым промоушенмен келісімшатты ұзартып, әлемдік арнеларда Қазақстанның атын асқақтату, дейді өзі.

Шавкат Рахмонов, аралас жекпе-жек спортшысы:

Керемет сезімдемін. Осылай Қазақстанға қуаныш әкелгеніме, жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Алдымен қолдау көрсеткен қазақстандық жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын. Тағы да екі жекпе-жек өткізетін ойым бар. Кішкене демалып, өзімнің командаммен ақылдасып, қашан келесі жекпе-жегіміз болатынын хабарлаймыз.


Хабарламаларға жазылу