Елімізде жоғары білім қолжетімді бола түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жоғары білім қолжетімді бола түседі

19.12.2023

Жоғары білімнің қолжетімділігі арта түседі. Саланың жылдық жұмысын қорытындылаған министр Саясат Нұрбек осылай деді. Тапшы мамандықтарға мемлекеттік тапсырыспен грант саны артады, әлеуметтік осал топтан шыққан түлектер мен ата-анасынан айырылған жеткіншектерге арнайы квоталар бөлініп жатыр. Ал ақылы бөлімде оқитындар үшін жеңілдетілген несиелер мен «Келешек» жинақтаушы жүйесі іске қосылады, - деді министр. Алдағы жұмыс жоспарын жүйелейтін 7 жылдық тұжырымдамада жатақхана мен материалдық-техникалық базаны нығайту шаралары, интернацияландыру бағыты да қамтылған. Шәкіртақымен бірге оқытушылар мен ғалымдардың жалақысын өсіру жоспарлнаып отыр.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Ғалымдардың жалақысы 2,5 есе өсті. Былтыр қыркүйектен бастап 1700 жетекші ғалымдарымыздың жалақысы 70 пайызға өсті. Ал жоғару оқу орындарының профессорлық оқытушылық құрамының жалақылары осы жылдан бастап 2023 жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджеттен 25 пайызға өсіп тұрады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу