Басты Жаңалықтар Павлодар облысында экологиялық-танымдық квест өтті

Павлодар облысында экологиялық-танымдық квест өтті

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар облысы Ақсу қаласында «Болашақ бағыты» атты экологиялық-танымдық квест өтті. Ұйымдастырушы – облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының штабы.

Ақсу қаласының колледж студенттері, «Жасыл Ел» жасақтарының командирлері мен еріктілер, барлығы 60-тан аса адам қатысты. Олар табиғатты қорғау, қалдықтарды бөлек жинау, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану тақырыптары бойынша танымдық әрі тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ командалық сайыстарда өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және бірлесіп жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Бұл жастардың экологиялық ойлауын дамытуға және командалық өзара іс-қимылын нығайтуға сеп болады дейді ұйымдастырушылар.

Гүлнар Нұрмұхамбетова, облыстық «Жасыл Ел» штабының жетекшісі:

Балалар алдымен қалдықтарды қайта өңдеуге жібереді. Бұл – бірінші кезең. Екінші – олар креативті кадрлар түсіреді. Үшінші – эко-детектив. Балалар тауып алған қалдықтарды суретке түсіріп, содан соң әп-сәтте жинап тастайды. Бұдан кейін қала тұрғындарымен эко-блиц өткіземіз. Қысқа сұхбат арқылы тазалықты сақтау бойынша үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.


Бөлісу