Басты Жаңалықтар Полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді

Полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді

Астана полициясы «Болашақ ойындары» кезінде күшейтілген режимде жұмыс істейді. 29 шілде мен 9 тамыз аралығында тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында қызмет атқарады. Жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, кейбір көшелерде қозғалысқа уақытша шектеу қойылуы мүмкін. Осы орайда мамандар азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


Бөлісу