Басты Жаңалықтар Дастан Сәтпаев «Челсидегі» алғашқы голын соқты

Дастан Сәтпаев «Челсидегі» алғашқы голын соқты

Алғашқы матч, алғашқы минуттар, алғашқы гол! Дастанның «Челсидегі» дастаны басталды.

17 жастағы қазақстандық футболшы Аустралияның командасына қарсы жолдастық кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты. Клубтың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо отандасымызға алғашқы минуттардан-ақ сенім артты. Сәтпаев бапкер үмітін ақтап, матчтың 7-минутында қарсылас қақпасынан саңылау тапты. «Челси» клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы бұл Хаби Алонсо кезеңінің алғашқы голы деген жазба жариялап, Қазақстанның туын белгіледі. Дастан Сәтпаев 18 жасқа толған соң, тамыз айында ресми түрде лондондық клубтың толыққанды ойыншысы атанады.


Бөлісу