Келесі жылы елде жалпы ішкі өнім 5 пайызға өсуі мүмкін
Келесі жылы елде жалпы ішкі өнім 5 пайызға өсуі мүмкін. Еуразия даму банкі сарапшыларының болжамы осындай. Қазақстан экономикасы биыл 4,8 пайызға өскен. Демек алдағы жылы ішкі жалпы өнім артады. Сарапшылар мұны еліміздің инвестициялық әлеуетінің жақсаруымен байланыстырады. Ал базалық мөлшерлеме жыл соңына дейін 10%-ға, инфляция деңгейі 7.1%-ға төмендеуі мүмкін. Сонымен бірге елде өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласы дами бастайды. Осылайша, 2024 жылы Арменияның жалпы ішкі өнімі 5,7%-ға, Беларусь елінде 2%-ға, Қырғызстанда 4,5 %-ға, Ресейде 1,5 %-ға, ал Тәжікстанда 7,3 %-ға артады. Ұйым Қазақстан экономикасы алдағы 2 жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастайды деп болжап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
11 500 оқушы бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты
17.03.2026, 20:58
Президенттен сыйақы алған оқушы үздік университетке түсті
17.03.2026, 20:55
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы елге оралды
17.03.2026, 20:53
Көкпардан Әлем чемпионаты басталды
17.03.2026, 20:52
Ақтөбеде «Шаңырақ» күнінде босанған аналарға бесік сыйлады
17.03.2026, 20:38
21 мыңнан аса азамат әскер қатарын толықтырмақ
17.03.2026, 20:13
Теңге нығая түсті
17.03.2026, 20:13
Су тасқынына дайындық жұмыстары басталды
17.03.2026, 20:12