Шавкат Рахмонов он сегізінші жекпе-жегін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шавкат Рахмонов он сегізінші жекпе-жегін өткізеді

15.12.2023

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов 16 желтоқсаннан 17 желтоқсанға қараған түні америкалық Стивен Томпсонмен кездеседі.

Жекпе-жек Лас-Вегаста UFC 296 турнирі аясында өтеді. Еске сала кетейік, отандасымыз наурыздағы айқасында үшінші раундта Джефф Нилді тұншықтыру әдісі арқылы жеңген еді. Қазір Шавкаттың еншісінде 17 жеңіс бар, бірде-бір жеңіліс жоқ.


Асылбек Данияр 

Хабарламаларға жазылу