Ауа райы әлемді де әбігерге салуда. Қытайда қар борап, мектептер жабылды. Пойыздар тоқтады. Ал Ресейдің Оралында 50 градус аяз. Австралияда жаз басталып, халық теңіз жағасына ағылып жатыр. Бірақ, мұнда өрт қаупі күшейген.
Қытайдың солтүстігін қалың қар басты. Әсіресе, Хенань провинциясының астанасы Чжэнчжоу қаласында жағдай қиын. Мұнда бораннан кейін көк тайғақ басталған. Аймақта бас-аяғы 192 пойыздың сапары доғарылып, бастауыш және орта мектептер жабылды. Негізгі магистральдарда көлік қатынасына тыйым салынып отыр. Зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ. Ал ел астанасы Бейжіңге бүгін алғашқы қар түсті.
Ванг, Бейжің тұрғыны:
Үш жылдан бері қар көрмедім, қатты қуанып, таң қалдым. Терезеден қарасам, айнала бәрі аппақ. Қыс құтты болсын!
Ал Ресейдің орталық Орал аймағындағы Екатеринбург қаласында -50 градус аяз. Әдетте аймақта мұндай суық болмайтын, - дейді мамандар. Бұл Жергілікті синоптиктер айтқандай, температура климаттық нормадан 17 градусқа төмендеп кеткен. Осындай шақта қалада такси бағасы шарықтап кеткен.
Константин Бобикин, Екатеринбург тұрғыны:
Мен төзімді адаммын. Өмірімде көп жайтты бастан кештім. Кеше велосипедпен 25 шақырым жүрдлім. Жақсы сапар болды.
Мария Королева, Екатеринбург тұрғыны:
Мен Қазақстанда өстім, Шығыс Қазақстан облысында ауа райы үнемі минус 40 градус болды. Бала кезімде ылғи далада жүретінбіз. Мен 24 жасқа дейін сонда тұрдым. Оралдың суығы маған ұнайды!
Австралияда он күн бұрын жаз басталды. +40 градус ыстық. Сондықтан теңіз жағасына ағылып жатқан жұрт көп. Билік болса, тұрғындарға сақ болуды ескертіп, от жағуға тыйым салды. Себебі ормандарға төнген өрт қаупі зор.