Аязға байланысты бірқатар өңірде шектеулер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аязға байланысты бірқатар өңірде шектеулер енгізіледі

07.12.2023

Күн суытып, 40 градус аяз болады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметкерлері балаларды аса мұқтаждық болмаса далаға шығармауға кеңес береді. Аяз салдарынан Астанадан шығатын республикалық тас жолдар жабылды. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін 400-ден аса полицей қала сыртындағы трассаларға жіберіледі. Инспекторлар көлік жүргізушілеріне қосымша көмек көрсетеді. Себебі синоптиктер бүгін түннен бастап ауа-температурасы -38 градусқа дейін барады деп отыр. Сондықтан, Республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттарында дизель отынымен жұмыс істейтін, іштен жанатын қозғалтқышы бар көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі. Бұдан бөлек, мамандар балаларды тасымалдаумен айналысатын компанияларға мұндай ауа райында қатынау қауіпті екенін айтады.


Хабарламаларға жазылу