Орталық сайлау комиссиясы Армения, Түркия, Өзбекстан елдерімен ортақ меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Армения, Түркия, Өзбекстан елдерімен ортақ меморандумға қол қойды. Маңызды құжат орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына арналған жиында қабылданды. «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық конференцияда шетелдік сарапшылар 2 күн бойы сайлаудың түрлі әдіс-тәсілдерін талқылайды. 16 елдің делегациясы мен 6 халықаралық ұйым өкілдері бас қосқан жиында 3 бірегейлі монографияның презентациясы жарық көреді.
Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
Біздің негізгі мақсатымыз 30 жылдық деп жатырмыз той тойлау емес, ой ойлау. Бүгінгі конференцияның маңызды бөлігі, орталық сайлау комиссиясының қолдауымен, 3 бірегейлі монография әзірленді. Ол орталық сайлау комиссиясының революциясы, конституциялық заңға ғылыми комментарий, кейінгі 11 жылдың шежіресі тұсауы кесіледі.
Зайниддин Низамходжаев, Өзбекстан республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшысы:
Сайлау жүйесіне заманауи тәсілдер еңгізуді дұрыс деп санаймын. Екі ел арасындағы меморандумға бүгін қол қойылды. Ендігі мақсат халық әділ әрі еш қиындықсыз дауыс беру үшін сайлау жүйесін одан әрі жаңғыртуымыз қажет. Басты мақсат осы.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04