АҚШ-та белгісіз біреу студенттерге оқ жаудырды
АҚШ-та тағы да тұрғындарға жаппай оқ атылды. Бұл жолы күдікті Лас-Вегастағы Невада университетінде оқ жаудырған. Кемі үш адам қаза тауып, бірнеше студент түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Қылмыс түскі уақытта оқу орнына адамдар көп жинаған кезде болған. Себебі қазір студенттер тоқсандық қорытынды емтихан тапсырып жатыр. Шұғыл жеткен полиция күдіктімен атысып, сол жерде көзін жойған. Оның нақты кім екені және мұндай қылмысқа не себепті барғаны әзірге белгісіз. Бұл осы штаттағы 2017 жылдан бергі ең үлкен қанды оқиға. Алты жыл бұрын музыкалық фестивалде жаппай атыс болып, 58 адам қаза тапқан еді.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03