Ертістің онлайн картасы жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертістің онлайн картасы жасалады

02.12.2023

Шығыстағы техник- ғалымдар Ертістің онлаин-картасын жасап жатыр. Ол құжат дайын болған соң трансшекаралық өзеннің жағдайын толық бақылауға болады. Компьютерлік бағдарлама арқылы өзеннің ластану деңгейіне қатысты деректерді де тіркейді. Осылайша ғалымдар үш мемлекеттің аумағы арқылы ағатын қарт Ертіске қатысты ақпаратты жыл сайын жаңартып, жариялап отырмақ.

Ертістің темпратурасы тәулігіне бірнеше рет өзгеріп тұрады. Ғалымдар да соған сәйкес зерттеу жүргізеді. Валентина Колпакова жетекшілік ететін ғалымдар Ертістің онлайн-картасын әзірлеу үшін өзеннің 17 жерінен сынама алып, ауқымды сараптама жасауға кірісті. Негізгі мақсат судың биологиялық құрамын анықтау.

Валентина Колпакова, техника ғылымдарының докторы:

Өзен суының өзгеруіне өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылық кәсіпорындары әсер етеді. Яғни, ластайды. Ертістің жағдайына климаттық факторлар да кері әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен, су температурасы қалыпты жағдайда болмаса, бұл судағы микроағзалардың тіршілігіне нұқсан келтіреді.

Ертістен алынған сынама 48 түрлі көрсеткіш бойынша талданады. Ғалымдар өңірдегі кейбір ұсақ өзендерді ірі өнідірістер ластап жатқанын айтады. Ал ұсақ өзендер Ертіске қосылады.

Құралай Нұрлыбекова, инженер-химик:

Глубочанка өзені жоғары ластану байқалады. Марганец көрсеткіші бойынша. Риддер қаласында Брекса, Үлбі өзендері. Бұл өзендердің құрамы жылдың әр мезгіліне қарай өзгеріп отырады.

Қазір Ертістің суы қанша пайызға ластанағыны туралы нақты ақпарат жоқ. Мезгіл сайын өзгеріп тұрады.

Олжас Керейхан, тілші:

Ғалымдардың есебінше, алдағы 20 жылда әлемде таза судың тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге дейін жетуі мүмкін. Сондықтан 4 мың шақырымға созылған қарт Ертісті сақтау Қытай, Қазақстан, Ресей үшін ең маңызды стратегиялық мәселенің бірі. Алайда бұл өзен жыл санап таяздап барады. Биылғы күз жаңбырлы болса да жағаға су толық жетпеген.

Техник және биолог ғалымдардың онлайн картасы жасалған соң, Ертістің биоалуандылығын сақтауға бағытталған халықаралық жобаларды да жүзеге асыруға болады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу