Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымастықты нығайтуға арналған шара өтті
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарттың 10 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға Парламент депутаттары мен дипломаттар қатысты. 2013 жылы қабылданған құжатқа биыл он жыл. Оның аясында түрлі сала бойынша серіктестік жаңа серпін алып, бірнеше жаңа бағыт бекіген. Тараптар татулыққа негізделген келісімнің аясын одан әрі кеңейте түсуге мүдделі.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:
Мына шарт арқылы біз 350 заңды құжатты қабылдадық. Ол экономикадан бастап, мәдениет саласында, білім және ғылым саласында, адами капитал саласында . Мен профессор болғаннан кейін мына нәрсеге көңіл бөлгім келеді, өйткені адам капитал қазір бірінші орында тұр.
Сергей Афонцев, әлемдік экономика және халықаралық қатынастарды зерттеу институты директорының орынбасары:
Осы уақыт аралығында шарт тиімділігін көрсетті. Тату көршілік, барлық саладағы ынтымақтастықтың тұрақты кепілі бола алды. Сонымен қатар интеграциялық байланыстар тереңдеді. Сауда, инвестиция, экономиканы алсақ та, алыс-беріс үзілген емес.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін сағат 20:30-да: Жарықты сөндір – табиғатты қолда
28.03.2026, 20:49
Қазақстандық футбол жанкүйерлері Түркияға барды
28.03.2026, 20:09
Digital Battle жеңімпаздары анықталды
28.03.2026, 20:09
Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржыға екі зауыт ашылды
28.03.2026, 20:05
Суға батып кеткен 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр
28.03.2026, 20:05
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды
28.03.2026, 20:05
Түркия халқы қартайып барады
28.03.2026, 20:05
Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты
28.03.2026, 20:04