Басты Жаңалықтар Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директорын қабылдады

Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директорын қабылдады

Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстан стратегиялық мақсат етіп отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисимен кездесуі кезінде айтты. Еуразияны Африкамен, Үндістанмен және шығанақпен байланыстыратын «Солтүстік-оңтүстік» транзиттік бағдарының жүк өткізу әлеуеті 2027 жылға дейін 70 пайызға артады. Аталған компанияның көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен ADP арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады. Сондай-ақ, аталған компания «Қазақстан темір жолымен» бірлесе кәсіпорын құру туралы келісімге келген. Президент бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.

Оңғар Алпысбай


Бөлісу