«Qazaqstan: орнықты даму жолында» жинағы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan: орнықты даму жолында» жинағы таныстырылды

21.11.2023

Елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен оларды шешу жолдары бір кітапқа топтастырылды. «Qazaqstan: орнықты даму жолында» деп аталатын жинақты Сенат жанындағы жас сарапшылар клубының мүшелері «Талдау мектебінің» түлектерімен бірлесіп әзірлеген. Онда инфляция, өңірлік даму, транзиттік әлеует, білім беру, инклюзивті саясат, жастар мәселелері сияқты 6 бағыт қамтылған. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұндай сапалы талдаулар орынды шешімдер қабылдап, белгілі бір саланы дамытудың неғұрлым тиімді жолын таңдау үшін қажет екенін айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Елімізде өткен жылдан бері көп жұмыс атқарылды. Саяси жүйеде үлкен өзгерістер болды. Соның нәтижесінде Президент, парламент депутаттарының сайлауы жаңа тәсілмен өткізілді. Жаңа Қазақстандағы жаңа жүйенің жұмыс істеуіне жастар да үлес қосуы керек. Ал бүгінгі таныстырылып отырған жинақ қай бағытарға басымдық беру керектігін айқындап берді. 


Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу