Басты Жаңалықтар Шымкентте құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте мобильді қосымша арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Жасырын интернет-казино тәулік бойы жұмыс істеп, Қазақстанмен қатар көрші елдердің ойыншыларын да тартқан. Тергеу мәліметінше, жергілікті тұрғын покер ойындары өткізілетін онлайн-платформаның жұмысын үйлестіріп отырған. Қатысушыларды көбейту үшін мессенджерлерде жарнама таратылып, түрлі бонус жүйелері ұсынылған. Ойыншылар банк аударымдары арқылы шоттарын толықтырып, виртуалды фишкалармен ойынға қатысқан. Ал ұйымдастырушылар табысты әр ойыннан алынатын 3-5 пайыз комиссия есебінен тапқан. Қаржы ағындарын жасыру үшін «дропперлердің», соның ішінде шетел азаматтарының шоттары пайдаланылып, әр шот үшін 100–200 мың теңге көлемінде сыйақы төленіп отырған.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Жалпы ақша айналымы 557 млн теңгеден асқан. Тінту барысында ұйымдастырушының тұрғылықты жерінен есірткі заты табылып, тәркіленді.  Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Айта кету керек, құмар ойындарға қатысушылар кей жағдайларда 30 млн теңгеге дейін елеулі қаржылық шығынға ұшыраған.


Бөлісу