Қостанай облысының ауылдарында дәрігер тапшы
Қостанай облысында соңғы үш жылда 25 амбулаториялық пункт бой көтерді. Жаңа нысанның бірі Денисов ауданындағы Перелески ауылында да салынып жатыр. Алайда ауыл-аймақта дәрігер тапшы. Өзге өңірден маман тартып мәселені шешу үшін мемлекет жастарға қандай көмек береді? Мәдина Нағашыбай тарқатады.
Перелески ауылы аудан орталығынан шамамен 30 шақырым жерде қоныстанған. 1500-ге
жуық тұрғыны бар. Жергілікті жұрт дәрігерге көрініп, тіпті қан тапсыру үшін
аудан орталығына барады. Енді су жаңа медициналық нысан ел игілігіне жазда
берілуі тиіс. Ал ауылға келетін дәрігерлер үшін жергілікті кәсіпкер көмегімен
тұрғын үйлер қалпына келтіріліп жатыр.
Сәуле Қожахметова, Перелески
ауылының тұрғыны:
Өте қуаныштымыз. Енді ауданға барып, қан тапсырып керегі жоқ, бәрі де осы жерде. Жас дәрігерлер келеді дейді. Жедел жәрдем бар, солар апарады бізді ауданға. Сонда емдейді. Өте қиын.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Бұл Денисов аудандық ауруханасы. Ауыл-аймақтан 13 мыңнан аса адам осында келіп ем алады. Алайда арнайы маман қат. Мысалы, ултрадыбыстық зерттеу жүргізіп, диагностика жасайтын маман жоқ. Сондықтан құрылғылар осылай шаң басып тұр. Ал ол үшін тұрғындар көрші ауданға, тіпті облыс орталығына сабылуға мәжбүр.
Жалпы облыс бойынша 100-ге жуық дәрігер жетіспейді. Әсіресе терапевт, хирург,
акушер-гинеколог мамандар тапшы. Сол үшін әлеуметтік қолдауға бюджеттен 600
миллион теңге бөлінді. Ал келген мамандардың әрқайсысына елді мекеннің
шалғайлығына байланысты 3,5 миллионнан – 7 миллион теңгеге дейін көтермеақы
қарастырылған. Осы мүмкіндікті пайдаланып, былтыр аудандық ауруханаға 5 жас
маман жұмысқа орналасыпты.
Нұрсұлтан Нұржанов, дәрігер:
Келгеніме бір жылдай уақыт болды. Пәтер берілді осы жақта. Инфроқұрылым жақсы дамыған. Газ, су барлығы бар. Шамамен 60-80 шақырымда Приреченка, Окраинка, Аршалы, Комаровка деген ауылдарға аптасына бір-екі рет барып тұрамын және қажетінше шақыру болып жатса, барам. Алдағы уақытта осында қалуға үмітім бар.
Мәдина Наржігітова, Денисов аудандық
ауруханасының бас дәрігері:
Жас мамандарға сонымен қатар әкімдік тарапынан 100 АЕК мөлшерінде жәрдемақы беріледі және жеке тұрғын үй сатып алуға 2,5 мың АЕК көлемінде жеңілдетілген несие ұсынылады. Қазіргі таңда мәслихат міндетті жұмыс істеу мерзімін қысқарту мәселесін қарастырып жатыр. Бұл ауданға жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді деп ойламын.
Сонымен қатар көтермеақы мөлшерін қалалық жерде 3,5 миллионнан 5 миллионға,
аудан деңгейінде 7 миллион теңгеге дейін
көтеру жоспарланып отыр. Өңірде былтыр жоғары білімі бар 310 маман
қатарға қосылып, кадр тапшылығы 20 пайызға азайған еді. Енді бұл көрсеткіш биыл
50-60 пайызға қысқарады деген үміт бар.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысында жас шахматшылардың турнирі өтті
27.04.2026, 13:20
Астанадағы индустриялық парк аумағына мың көшет екті
27.04.2026, 13:15
Экологиялық акция өткізу туралы меморандумға қол қойылды
27.04.2026, 13:12
Буллингке қарсы жаңа жедел жүйе іске қосылды
27.04.2026, 13:06
Шымкентте құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
27.04.2026, 13:03
Алаяқтардың жаңа айласы анықталды
27.04.2026, 13:00
Астанада «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті
27.04.2026, 10:19
Ең ұзын тирамису Гиннестің рекордтар кітабына енді
27.04.2026, 10:17