Астанада «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті
Биылғы марафонға 26 қаладан 5 мыңға жуық адам қатысып, 42 миллион теңгеден астам қаражат жиналды. Бұл сомма аутизм және өзге де даму ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен ересектерді кәсіби оқытуға бағытталмақ. Ұйымдастырушылардың сөзінше, қоғамда инклюзия мәдениетін қалыптастырып, аутизм туралы ақпараттандыруды арттыру — жарыстың басты мақсаты. Іс-шараға ерекше қажеттілігі бар 100-ден астам адам қатысып, балаларға арналған «Көңілді старттар» эстафетасы да ұйымдастырылды. Кейінгі үш жылда жоба аясында 90-нан астам мамандандырылған оңалту мекемесі мен кабинет ашылған.
Самал Дүйсенбекова, қала тұрғыны:
Бүгінгі шараға ұлымызбен келе жатырмыз. Ұлымызда аутизм диагнозы бар, 7 жаста. Жалпы, осындай шара ұйымдастырып жатқандарыңызға рахмет. Бақытты балалар. Барынша ортаға бейімдеуге тырысып жатырмыз. Мұндай балалар білуі керек, үйренуі керек, түсінуі керек. Бұл балалар да жақсы ортада жүруі керек деген ниетпен келдік.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14