Буллингке қарсы жаңа жедел жүйе іске қосылды
Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен буллинг жағдайына жедел әрі нақты әрекет ету тәртібі енгізілді. Жаңа ережелер бала қауіпсіздігін бірінші орынға қояды. Енді бір сағат ішінде мәлімет балалардың құқығын қорғайтын органға жетуі керек. Келесі бір жұмыс күні ішінде арнайы кейс-менеджер тағайындалып, баланың жағдайы жан-жақты тексеріледі. Ал үш жұмыс күнінен кешіктірмей іс материалдары комиссияға жолданады. Сондай-ақ әр балаға жеке қолдау көрсететін маман бекітіліп, медициналық, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық қолдау толық қамтылады. Бұл жүйе «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында іске қосылды. Сонымен бірге, енді мұндай оқиғалар тек шағым арқылы ғана емес, «111» байланыс орталығы, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарат арқылы да анықталады. Ең маңыздысы – енді тек зардап шеккен балалар ғана емес, оқиғаның куәгерлері де мемлекеттік қорғауға алынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы