Түркістан облысында жас шахматшылардың турнирі өтті
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында ауыл балаларының шахмат ойынына қызығушылығын арттыу мақсатында облыстық турнир ұйымдастырылды. Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай және ұлағатты ұстаз Жәділ Қожамұратұлын еске алуға арналған дәстүрлі жарысқа өңірдің барлық аудан-қалаларынан және Жамбыл облысынан 100-ге тарта бала қатысты. Олардың арасында облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы, Азия чемпионатында жүлделі орындарға іліккен өрендер де бар. Мектеп оқушылары арасында дарынды шахматшылардың басын қосатын маңызды зияткерлік дода облыстың шахмат күнтізбесіндегі ең ірі, әрі тартысты жарыстардың біріне айналып отыр.
Ербол Бексұлтан, шахматшы:
Мен қазір облыстық, аудандық және топтық жарыстарға қатыстым. Олардың арасында мен бірінші орын, екінші орын және үшінші орындарды алдым. Менің болашақтағы арманым гроссмейстер болу. Менің қазіргі разрядым екінші разряд.
Асхат Құрманғалиұлы, Қазақстан
шахмат федерациясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы директоры:
Облысымыздың түкпір-түкпірінен талантты балалар келіп жатыр. Солар келіп үлкен тәжірибе болып жатыр қазір жергілікті жас өрендерге. Керемет ойындарын көрсетіп көзге түсіп жүр. Қазір Түркістан облысы Қазақстан чемпионатында үшінші орынға тұрақтап тарихи жетістікке қол жеткізді.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07