Экологиялық акция өткізу туралы меморандумға қол қойылды
Елордада коммуналдық қызметкерлер бастап, студенттер мен дәрігерлер қостап, экологиялық акция өтті. Шара аясында түрлі мамандық иелері бірлесіп, жүзден астам көшет отырғызып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосты. Бұл акция енді дәстүрге айналмақ. Себебі мекемелер ортақ меморандумға қол қойды. Шырша, қарағайдан бөлек, бастамашыл топ жазға қарай мың шақты гүл егуге ниетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамды біріктіріп қана қоймай, қоршаған ортаны таза ұстау дағдысын қалыптастырады.
Альберт Есалиев, «Астана тазалық» ЖШС атқарушы директоры:
Ынтымақтастық меморандумға қол қоюдың ар жағында бір күндік акция, шара емес бұл. Үнемі жалғасып отыру керек. Көбейту керек. Мысалы, Әбу-Дабидің айналасында көптеген теректі еккен болсақ, күзде, көктемде сол еккеннен кейін шықпай қалатын кездер болады ғой, табиғатқа байланысты, соларды біз қайтадан егіп отырамыз. Біз санға емес, сапаға көңіл бөлеміз.
Ержан Әділбеков, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы:
Дәрігер ретінде біз үшін экологияны таза ұстау – ұлт денсаулығының кепілі. Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» акциясын толық қолдаймыз. Бүгін, міне, акция аясында кәсіби-техникалық колледжбен және «Астана тазалық» мекемесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04