Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы – 1,8 млрд доллар
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Ганиді қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания-Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі және ел экономикасына қаржы құюшы мемлекеттер арасында жетінші ірі инвестор екенін атап өтті. Бүгінде, Қазақстанда 550-ден астам британдық кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 60 пайызға артып, 1,8 млрд долларды құраған.
Президент ресми Лондонмен сауда және инвестиция салаларындағы байланыстарымызды кеңейтуге мүдделі екенімізді атап өтті. Ал Нусрат Гани ерекше ілтипат білдірген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына ризашылығын жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатында қола медальге ие болды
16.10.2026, 13:17
Халық кеңесінің жұмысы бірнше бағытта ұйымдастырылды
16.10.2026, 13:15
Қызылордада балалы әйелді қағып кеткен жүргізушіні іздеуде
16.10.2026, 13:14
Алматы облысында жарамсыз автобустарды сатып жатыр
16.10.2026, 13:12
«Google салығы» Қазақстан бюджетіне ₸200 млрд әкелді
16.10.2026, 13:10
Албанияда шерушілер министрліктер мен парламентке шабуыл жасады
16.10.2026, 13:08
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
16.10.2026, 13:07
ЖРВИ жұқтырған адамдар 760 мыңнан асты
16.10.2026, 13:05