Зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға 126 мыңнан астам адам дауыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға 126 мыңнан астам адам дауыс берген

16.11.2023

Отбасылық кикілжіңнің соңы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен аяқталса, қорлық көрсеткен адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс. Қоғамда күйіп тұрған бұл мәселені Орта Азия мен Европадан келген сарапшылар Алматыда талқылады. Агрессорды тек темір тордың арғы жағына жіберумен мәселе шешілмейді, дейді олар. Сондықтан зорлық-зомбылық көрсеткендерді түзеу қажет. Ол үшін психологтар мен арнайы әлеуметтік мамандардың көмегімен жұмыс істейтін кешенді бағдарлама қабылдануы қажет деген ойға келді. Сонда ғана жазасын өтеп келгендердің қоғамға қаупі болмайды. Бірақ бұл қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кетуге жол бермеу керек, - дейді заңгерлер.

Жазаны қатаңдатуды сұраған ел азаматтары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнаманы реформалау туралы онлайн - петицияға жаппай қол қойып жатыр. Қазірдің өзінде 126 мыңнан астам адам дауыс берген.

Айман Омарова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

Біз жәбірленушілермен жұмыс істейміз, бұл жерде зәбір көрсететін нақты тұлғалармен жұмыс істеу керек. Тұрмыстық зорлық - зомбылық негізінде әкімшілік кодексқа енгізілген, біз онымен келіспейміз. Қылмыстық кодексқа кіргізіп, оны қылмыс ретінде қабылдау керек, қылмыс ретінде жүргізу керек, кәдімгі тергеу болуы керек деп санаймыз. Бұл жерде 15 тәулік, 20 тәулік, айыппұл деген болмауы керек, нақты қамау керек деп санаймыз.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу