Мұстафа Шоқайдың мақалалары кітап болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұстафа Шоқайдың мақалалары кітап болып шықты

13.11.2023

Түркияда Мұстафа Шоқайдың еңбектері топтастырылған кітаптардың таныстырлымы өтті. «Кеңес Одағының Түркі әлемі саясаты» атты жинақ қазақ, түрік, орыс және француз тілдерінде басылды. Мазмұнды еңбекті жинақтаған белгілі шоқайтанушы ғалым, Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қара. Бұл топтамаға Мұстафа Шоқайдың бір ғасыр бұрын жарық көрген 120 мақаласының ең өзекті 41-і таңдалған. Автордың айтуынша, Мұстафа Шоқай отаннан жырақ, қуғында жүрген кездегі еңбектері Еуропа баспаларында жиі жарияланған. Сол кезеңде бүкіл әлем азаттық пен еркіндікті аңсаған түркі жұрты туралы оның мақалаларынан танып білді. Түркиялық ғалымдар Мұстафа Шоқайды тек қазақ емес күллі түркі халықтарының тәуелсіздігі үшін күрескен ерекше қайраткер деп таниды.

Әбдіуақап Қара, Мимар Синан университетінің профессоры:

Біз Мұстафа Шоқайды бұған дейін ұлы мемлекет қайраткері деп білдік. Алаштың ардагерлерінің бірі деп. Мына кітапты оқығанда Мұстафа Шоқай сонымен қатар, экономиканы күшті білген, халықаралық саясатты күшті білгені, тарихты жақсы білген, философияны жақсы білгенін оны қаламынан көріп отырмыз.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу