Қостанайда KIA зауытының құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда KIA зауытының құрылысы басталды

11.11.2023

Қостанайда корейлік КИА көлігін шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Компания мұндай жобаны алғаш рет Оңтүстік Кореядан тыс жерде қаржыландырып отыр. Жобаның құны 250 миллион доллар. Мұндай нәтижеге мемлекеттік деңгейдегі келісімдердің арқасында қол жетті. Қаңтар айында Президент, Қостанайда Kia автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін іске қосу рәсімінде, өнеркәсіп кооперациясын одан әрі кеңейту мен инженерлік базаны қалыптастырудың маңызын атап өткен еді. Зауыт құрылысы алдағы жылы аяқталуы тиіс. Ал 2025-ші жылдың басында алғашқы автокөліктер құрастырыла бастайды. Сол жылдың соңында өндіріс толық қуатына көшеді. Зауытта 1500 адам жұмыс істейтін болады, жылына 70 мың көлік шығарады. Осы өндірістің аясында автокөлік бөлшектерін құрастыратын шағын кәсіпорындар ашылады. Оңтүстік Корея мен Қазақстан Үкіметінің мүшелері Қостанайдағы құрылыс басында бас қосып, салтанатты түрде ауқымды жобаның тұсауын кесті.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Оңтүстік Корея елдегі ең ірі инвесторлардың ондығына кіреді. Қостанайда киа автомобильдерін шығаратын толық циклды зауыт салуды – мшаина жасау саласы үшін шын мәнінде жоғары технологиялық серпінді жоба деп атауға болады.

Чжо Тэ-Ик, Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Сонау 1992-ші жылдан басталған екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастар мен мемлекеттік деңгейдегі келісімдер, экономикалық байланысымызды нығайтты. Біздің елдің Қазақстанға салған инвестициясы 4,1 млдр АҚШ долларына жетті. Жаңа зауыттың салынуы бұл бағыттағы әріптестікке жаңа серпін береді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


kia Қостанай көлік зауыты

Хабарламаларға жазылу