Қазақстанда құрастырылған алғашқы отандық электромобиль Үкімет үйінде сынақтан өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда құрастырылған алғашқы отандық электромобиль Үкімет үйінде сынақтан өтуде

22.10.2015
Қазақстанда құрастырылған алғашқы отандық электромобиль Үкімет үйінде сынақтан өтуде

ҚР Үкіметі аппаратының қарауына KIA Soul EV алғашқы қазақстандық электрокары келіп жетті.

«АЗИЯ Авто» көлік құрастыру зауыты ұсынған автомобиль бір ай бойы Министрлер кабинетінің қызметтік паркінде жол сынағынан өтетін болады. Отандық көлік өнеркәсібінде электр күшімен жүретін алғашқы модель - Өскеменде жиналған KIA Soul EV микровэні болды, деп хабарлады «АЗИЯ АВТО» компаниясынан.

Қазақстандық көлік өнеркәсібі тарихындағы бірінші электромобильдің ілкі партиясы «АЗИЯ Авто» зауытының конвейірінен 2014 жылдың желтоқсанында түскен. Айта кетейік, KIA Motors компаниясы Soul EV микровэнін 2014 жылы Чикаго көлік салонында ұсынған, ал биылғы жылы бұл модель Норвегия, Корея, Германия, АҚШ және тағы басқа көптеген ел нарықтарындағы электрокарлар сегментінде үлкен сұранысқа ие болды.

Автомобиль 200 шақырымға дейін жүру қорын сақтап отыратын сыйымдылығы сағатына 27 кВт литий-иондық полимерлі батареясымен жабдықталған. Soul EV-нің электр қозғалтқышының 110 литрлік қуаттылығы сағатына 145 шақырым максималдық жылдамдықты қамтамасыз етеді. Бұл модельде орнатылған жылуды реттеу жүйесінің арқасында оны кез келген температуралық режимде пайдалануға болады.

2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында Өскеменде құрастырылған KIA Soul EV электромобильдері Шығыс Қазақстан күре жолдарында минус 25 градусқа дейінгі  температурада ұзақ қысқы сынақтардан табысты өтті.

«Бүгінде республиканың жолдарында тек 200 электромобиль пайдаланылуда. Бұл сан символикалық. Бірақ бәрінен бұрын бір жылдың ішінде Қазақстандағы экологиялық көлік паркі екі еселенді. Бізде шығарылған KIA Soul EV көлігін үйдегі розетка арқылы зарядтауға болады. Олай болғанымен, республикада экокөліктің одан әрі таралуына оған құятын инфрақұрылымның жоқтығы кедергі болып отыр. Энергияның таза көздеріне арналған ЭКСПО-2017 көрмесінің иесі ретінде Қазақстан «жасыл» көлікті пайдалану үшін жағдайлар жасайтыны сөзсіз. Инфрақұрылымның дамуымен бірге біз автомобильдердің сериялық өндірісін де талқылай аламыз. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасадық», - дейді «АЗИЯ Авто» АҚ-ның президенті Ерік Сағымбаев.

 

Хабарламаларға жазылу