Қостанайда автомобиль шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда автомобиль шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады

03.04.2023

Қостанайда оңтүстік кореялық Kia корпорациясымен бірлесіп, автомобиль шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады. Бұл туралы Президент қабылдауында болған «Allur компаниялар тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев айтты. Инженерлердің біліктілігін арттыру мен шетелден инвестиция тарту жайы да сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық машина жасау саласын дамытудың маңыздылығына айрықша тоқталды. Техникалық мамандарды көбейту мен тәжірибесін арттырудың өзекті екенін атап өтті. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу