Әлихан Смайылов ЭЫҰ саммитіне қатысты
Ақтау портында контейнерлік хаб, ал Құрық портында көпфункционалды терминал салынады. Қазақстан Орталық Азия елдері мен Қытай бағытында жүк тасымалын арттырып, 2030 жылға қарай оны жылына 500 мың контейнерге жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ташкентте өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитінде айтты. Оның сөзінше, өңіраралық сауданы дамыту ынтымақтастықты нығайтудың басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл ретте азық-түлік өнімдерін тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін трансшекаралық хабтарды салу бойынша ауқымды жобалар іске асырылып жатыр.
Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:
Ұйымға мүше он мемлекеттің жетеуінің дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтыны өте өзекті мәселе. Қазақстан транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға басымдық бере отырып, инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларға белсенді түрде қатысуда. Оның әлеуетін арттыру мақсатында өткен жылдан бастап Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркия мемлекеттері 2027 жылға дейін тар жерлерді синхронды жою және орта дәлізді дамыту бойынша жол карталарын іске асыруда.
Сондай-ақ, Өзбекстаннан Қазақстанның батыс аймақтарына тікелей қатынас орнайды. Ол үшін «Бейнеу-Шалқар» автожолы салынады. Үкімет басшысы ұйым кеңістігінде көлік-логистикалық жүйелердің интеграциясын күшейтуге шақырды. Өткен жылы Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерімен тауар айналымы 40%-ға өсіп, 16 млрд доллардан асқан. Ташкентте өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне Түркия, Иран, Әзірбайжан президенттері, сондай-ақ, Тәжікстан мен Түрікменстан және Қырғыз елінің басшылары келді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатында қола медальге ие болды
16.10.2026, 13:17
Халық кеңесінің жұмысы бірнше бағытта ұйымдастырылды
16.10.2026, 13:15
Қызылордада балалы әйелді қағып кеткен жүргізушіні іздеуде
16.10.2026, 13:14
Алматы облысында жарамсыз автобустарды сатып жатыр
16.10.2026, 13:12
«Google салығы» Қазақстан бюджетіне ₸200 млрд әкелді
16.10.2026, 13:10
Албанияда шерушілер министрліктер мен парламентке шабуыл жасады
16.10.2026, 13:08
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
16.10.2026, 13:07
ЖРВИ жұқтырған адамдар 760 мыңнан асты
16.10.2026, 13:05