Елімізде мыңнан аса вандализм дерегі тіркелді
Вандализмге қарсы күресті тағы да күшейту қажет. Мәжіліс депутаты Сергей Понамарёв мәдени-тарихи ескерткіштерді қорлауға жол бермеуге шақырды. Оның дерегінше, елімізде 25 мыңнан астам тарихи нысан бар. Оның 12 мыңнан астамы ескерткіш. Бүгінде тәртіп бұзушылар 50-ден 100 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. 160 сағат қоғамдық жұмысқа тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Депутат мәдени мұраны қорлағандарға бұл жаза аз деп есептейді. Әрі тәртіп бұзушылар азаймай тұр. Жыл басынан бері елімізде 1200-ден аса вандализм фактісі тіркелді.
Сергей Понамарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аmanat» фракциясының мүшесі:
Ескерткішті қорлап, табиғи парктерде де заңбұзушылық жасаушылар көбейді. Заң қатаңдатылғанымен, онымен күрес жұмыстары баяу жүріп жатыр. Ішкі істер министрі 28 мыңнан астам бейнебақылау камерасын орнату қажет болған. Алайда, оны 18 мың камераға дейін азайтыпты. Вандализм әкімшілік қана емес, қылмыстық іс. Онымен күрес жұмыстарын күшейту қажет.
Торғын Мелісқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыз Азия чемпионатын сәтті бастады
01.04.2026, 20:58
Ұлттық банк: Теңге тұрақты валюталардың біріне айналды
01.04.2026, 20:15
Алтын шамамен 19 пайызға арзандаған
01.04.2026, 20:14
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
01.04.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
01.04.2026, 20:13
Тартылған теңіздің 165 мың га алқабына ағаш отырғызылады
01.04.2026, 20:12
Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды
01.04.2026, 20:11
Суды үнемдеуге бөлінетін субсидия 4 есе өсті
01.04.2026, 20:09