Президент ресейлік басылымға көлемді сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ресейлік басылымға көлемді сұхбат берді

08.11.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік белді басылымдардың бірі «Известия» газетіне көлемді сұхбат берді. «Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың тарихы бай және болашағы жарқын» деп аталатын мақалада Мемлекет басшысы қазақ-орыс қатынасынан бастап, халықаралық ушыққан геосаяси ахуалға дейін сөз қылып, әлемде қай кезде тепе-теңдік орнайтынын айтқан. Әрі атом электр станциясына қатысты ойын жеткізіп, екі ел арасындағы логистикалық, экономикалық, инвестициялық әлеуетті арттыру жайын сөз еткен. Тіпті мәдениет және білім салаларындағы ықпалдастық жайы талқыланып, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қандастар көп тұратын Ресей облыстарында қазақ мектептерін ашуға мүдделі екенін жеткізген. Әрі Ресей Презиентінің ертең елімізге жасайтын ресми сапарына тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ресей Президентімен Астанада өтетін алдағы кездесудің күн тәртібі өте ауқымды. Біз екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелерін жан-жақты талқылаймыз деп жоспарлап отырмыз. Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық құрылымдар аясындағы байланыстардың аспектілерін де қарастырамыз. Әлемдегі ахуалдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасамыз. Сонымен қатар Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысамыз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу