Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46-шы кеншінің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді. Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің отряды іздеу жұмыстарын 28 қазаннан бастап жүргізді. Тек 6 қарашада сағат 20.00-де Костенко атындағы шахтада кенші Александр Прокудиннің денесі табылған.
Еске салсақ, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша қаза тапқан 46-шы адамның дене бөлшектері табылғанын мәлімдеген еді. Жалпы апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 208-і аман қалды. Ауруханаға түскен 27 кеншінің 20-сы әлі ем қабылдауда. Жағдайлары тұрақты, бір қалыпты – дейді дәрігерлер.
Руслан Нұрланұлы