Ғалымдар жер сілкінісін болжайтын ғарыш аппаратын әзірлеп жатыр
Отандық ғалымдар жер сілкінісін алдын-ала болжайтын наноспутник әзірлеп жатыр.
Салмағы 10 келіге жуық ғарыш аппараты Қазақстанның аумағын бір күнде 3 рет айналып, жер қабатындағы өзгерістерді тіркейді. Барлық деректер автоматты түрде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы зерттеу орталығына келіп түседі. Ғалымдар наноспутникті екі жылда толық дайындап, ғарыш айлағына ұшырамыз деп отыр.
Әмірхан Темірбаев, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ жанындағы инжиниринг және жоғарғы технологиялар кластерінің бас директоры:
Ол наноспутниктердің басты қызметі - жердің литосфера деген қабаты бар, қатты қабаты мен ионосфера қабаты арасындағы байланыстарды зерттеу. Литосфера мен ионосфераның байланысын зерттеу арқылы жерде болып жатқан құбылыстарды алдын - ала болжауымызға болады. Мысалы жер сілкінуінің алдын алу. Болашақ наноспутниктерді ғарышқа ұшырсақ, дер кезінде жер сілкінудің алдын алуға мүмкіндік алуымыз мүмкін.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әбіл» фильмі Брюссельдегі кинофестивальде көрсетілді
01.04.2026, 13:24
Санкт-Петербургте қазақ мәдениетінің көрмесі ашылды
01.04.2026, 13:21
Қазақстан мұралары ЮНЕСКО тізімінде
01.04.2026, 13:18
Еуроодақ энергетикалық дағдарысқа қарсы ауқымды шара қолданбақ
01.04.2026, 13:15
Франция балаларды әлеуметтік желіден шектеді
01.04.2026, 13:12
Ақтөбе облысында суға кеткен бала табылмай жатыр
01.04.2026, 13:09
Су үнемдеу технологияларын енгізу 5 есе артты
01.04.2026, 13:06
Қазақстан мен Қытай тауар айналымы $48,7 млрд-қа жетті
01.04.2026, 13:03