Су үнемдеу технологияларын енгізу 5 есе артты
Елде мемлекеттік қолдау нәтижесінде су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты. Бұрын заманауи суару жүйелерін енгізу қарқыны жылына орта есеппен 30 мың гектар болса, қазір 150 мың гектарға дейін жетті. Бүгінде республика бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылатын жалпы аумақ шамамен 543 мың гектардан асады. Сондай-ақ алдағы үш жылда су үнемдеу жүйелерін пайдаланатын шаруалар үшін суармалы судың құнын субсидиялау көлемі 50%-дан 85%-ға дейін артады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға қарай су үнемдеу жүйелері қолданылатын суармалы алқап көлемін 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл технологиялар суды 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15