Қазақ қызы тұңғыш рет каратэден әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ қызы тұңғыш рет каратэден әлем чемпионы атанды

30.10.2023

Мөлдір Жаңбырбай каратэден Қазақстан каратэшілері тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанды. Мажарстанда өткен әлем біріншілігінде финалға дейін сүрінбей жеткен спортшымыз, алтын медаль сарапқа салынған жекпе-жекте Италия спортшысын жеңді. Бұған дейін ересектер арасында бізден әлем чемпионы шықпаған. Жастар, жасөспірімдер санатында жеңімпаздар бар.

Отандасымыз жуырда ғана Азия ойындарынан елге күміс жүлдемен оралған еді. Әлем біріншілігінің марапаттау рәсімінде Әнұранымыз аяғына жетпей тоқтап қалса да, Мөлдір мен жанкүйерлер соңына дейін орындап шықты.

Сондай-ақ, жарыста бақ сынаған Мөлдірдің жары Дидар Әмірәлі де жүлдегерлер қатарынан көрінді. 67 келіге дейін салмақта бақ сынап, әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі. Ал, 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай күміске қол созды. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс, 1 қола еншілеп бесінші орын алды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу