ММА-ден әлем чемпионы Санжар Әділов «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ММА-ден әлем чемпионы Санжар Әділов «Таңшолпанда» қонақта

09.10.2017

6-7 қазанда өткен жекпе-жекте спортшымыз Санжар Әділов әлем чемпионы атанды.

ММА және каратэден әлем чемпионы Айдар Махметов, ММА-ден әлем чемпионы Санжар Әділов, Қазақстан ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев студия қонағы болды.

«Арманымыз орындалды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды. Жоспарда екі алтын медаль еді. Оған жеттік. Жалпы әуесқой ММА-ның тарихында бірінші рет қыз баласы жеңіске жетті. Ол Мария Агапова.

Одан басқа 3 күміс, 3 қола медальға қол жеткіздік. Біз үшін бұл үлкен жетістік», - дейді Айдар Махметов.

«Кездесулер тартысты өтті. Қарсыластарым әр елдің чемпиондары. дайындықтары мықты спортшылар. Мен үшін ең қиыны бірінші қарсыласым болды. Жеңіс бұйырды. Керемет сезімдемін. Жылдар бойы жасаған жаттығуым, бастан өткен жарақаттар бекер болған жоқ», - дейді Санжар Әділов.

Хабарламаларға жазылу