Назым Қызайбай: Ендігі арманым - Олимпиада шыңын бағындыру (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назым Қызайбай: Ендігі арманым - Олимпиада шыңын бағындыру (ВИДЕО)

01.03.2016
Назым Қызайбай: Ендігі арманым - Олимпиада шыңын бағындыру (ВИДЕО)

Назым Қызайбай - бокстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы. Күні кеше аяқталған бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 51 келіде оған тең келер ешкім болған жоқ. Басты қарсыласы Жайна Шекербекованы жеңіп, ел чемпионы атанды.

Назым - отбасындағы алты баланың үшіншісі. Бала кезінен спортқа жақын болып өсті. Бокс пен күрес үйірмесінің есігін ауылда ашқанымен, кәсіби түрде спорт интернатында жалғастырды.

Спорттық мансабындағы маңызды кездесуін Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткізді. Осылайша, қазақ қыздары арасында бокстан тұңғыш Әлем чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Ендігі арманы - Олимпиада шыңын бағындыру.

Алғыс айту күніне орай спортшы бүгінгі биігіне жетуге ықпал еткен жандарға алғысын білдірді. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу