Мөлдір Жаңбырбай каратэден әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мөлдір Жаңбырбай каратэден әлем чемпионы атанды

30.10.2023

Қазақ қызы тұңғыш рет каратэден әлем чемпионы болды. Мөлдір Жаңбырбай Мажарстанда өтіп жатқан жаһандық бәсекеде жеңімпаз атанды. Қуанышты жаңалықты Ұлттық құраманың бас бапкері жариялады. Мөлдір жартылай финалда әлемдік рейтингтің көш басында тұрған венесуэлалық спортшыны айқын басымдықпен жеңген. Ақтық айқаста Италиядан келген каратэшіні тізе бүктірді. Осылайша, Мөлдір Жаңбырбай жастар арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанды.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу