Әзірге қаза тапқандардың аты-жөні анықталып жатыр. Ал Қазақстан Үкіметі мерт болған кеншілердің отбасына көрсетілетін көмек түрлерін бекіткен еді. Оларға мемлекет тарапынан да инвестор қаражатынан да жәрдем беріледі.
Компания: жерлеуге байланысты шығындарды, отбасылардың несиелерін толық өтеуді, балаларының оқу ақысын төлеуді өз мойнына алған. Сондай-ақ 10 жылдық жалақы мөлшерінде бір реттік төлем де, қаза тапқандар отбасына баспана алып беру де беру де инвестордың міндетінде. Мемлекет тарапынан асыраушысынан айрылғандарға ай сайынғы жәрдемақы, балалары 18 жасқа толғанға дейін ай сайынға сақтандыру төлемі беріледі. Әлеуметтік сақтандыру қорынан да жалақысына байланысты ай сайынғы төлем бекітіледі.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Мемлекет тарапынан қаза тапқан шахтерлардың отбасыларына асыраушысынан айырылғаны үшін төлемдер төленеді. Бірінші төлем ол базалық жәрдемақы. Екінші төлем, әлеуметтік сақтандыру қорынан. Үшінші төлем, өмір сақтандыру компаниясынан. Инвестор ауысса да, Арселлор Митталдың ұжымдық шартта қарастырылған барлық әлеуметтік көмек толық көлемінде беріледі.