Шахтадағы апат: Жаңа басшы бүгін алғашқы мәлімдемесін жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтадағы апат: Жаңа басшы бүгін алғашқы мәлімдемесін жасады

29.10.2023

Иә, Үкімет те, жаңа басшылық алдында да жауапты міндеттер тұр. Бұрынғы инвестормен байланыс үзілген соң, не болады? Бэкграунды жағымсыз компанияны басқаруға келген Вадим Басин өзгерісті неден бастамақ? Көп сұрақтың жауабы алдағы уақытта белгілі болатын сияқты. Жаңа басшы бүгін алғашқы мәлімдемесін жасады. Толығырақ келесі сюжетте. 

Лакшми Митталдың Қазақстандағы бизнесі 90 жылдардың ортасында басталған. Сол кезде үнді-британдық кәсіпкер Қарағанды металлургия комбинатын сатып алған. Компания атауы бастапқыда «Испат Кармет» кейін «Миттал Сити Теміртау» болып ауысқан. 2007 жылдан бері «Арселор Миттал Теміртау» деп аталады.

73 жастағы кәсіпкер Лакшми Миттал «Арселор Миттал» компаниясының негізгі иесі. Директорлар кеңесінің төрағасы. Осыдан 15 жыл бұрын Форбес журналының дерегінше әлемдегі ең бай азаматтардың бестігіне кірген. Қазір де Миттал мырзаның байлығы ортая қоймаған. Форбес журналы оның жеке байлығын 18 миллиард долларға бағалаған.

Бүгінде әлемнің 60 елінде «Арселордың» өкілдігі бар екен. Ресми дерек бойынша онда жалпы саны 222 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Компания кәсібін төрт құрлықта жүргізеді. Қазақстаннан бөлек Алжир, Босния және Герцеговина, Бразилия, Либерия, Мексика, Украина және АҚШ- та т.б елдерде кен өндіретін зауыттары бар.

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Арселор Митттал» компаниясына қатысты даулар жиі шығып тұрады. Мысалы 2010 жылы Еурокомиссия «АрселорМитталға» темір бағасын қолдан қымбатты деп 315 миллион еуро айыппұл салған. 2021 жылы Украинадағы «АрселорМитталКривойРог» компаниясы да 450 миллион гривен айыппұл арқалаған. Бұл шамамен 5,5 миллиард теңге.

Костенко шахтасындағы апаттан кейін Президент «Арселор Миттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық келісімді тоқтатуды тапсырған. Сондай-ақ бір кездері осы компанияда жұмыс істеген Вадим Басинге қайтып келіп компанияны басқаруды тапсырған. Бүгін компания басшысының міндетін атқарушы еңбеккерлердің жағдайын жақсарту үшін жұмыс істелетінін мәлімдеді.

Вадим Басин, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшысының м.а.:

Кеше Мемлекет басшысы компанияның проблемалық активтеріне қатысты инвестормен қарым-қатынас тоқтатылып жатқанын айтты. Жалақы мен әлеуметтік кепілдіктер өзгермейді. Тек еңбек шартын жақсарту жағы ғана қарастырылады. Бұл – компанияның жұмысын жалғастыру және әлеуметтік жауапкершілікті сезіну үшін қажетті шарт.

Президент мәлімдемесінен кейін әлдекімдер кен өндіруші компания басқа шет елдік инвестордың иелігіне өтеді деген әңгіме өрбіткен. Бірақ Үкімет бұның шындыққа жанаспайтынын айтты. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қазан айының соңына дейін мемлект меншігіне өтуі мүмкін. Келіссөздер жүріп жатыр» деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.


Хабарламаларға жазылу