Қарағанды облысында үш адам сібір жарасын жұқтырды
Қарағанды облысының Топар кентінде үш адам сібір жарасын жұқтырды. Қазір олар ауруханада жатыр.
Руслан Нұрланұлы , тілші:
Топар кентіне кіретін екі жол болса, біріне блок-бекет қойылған. Ал мына екінші бағытта санитарлық бекет жұмыс істеуде. Елдімекеннен мал, ет, сүт өнімдері, жем-шөп алып шығаруға және ішке кіргізуге болмайды. Тұрғындардың өзі қатаң бақылаумен өтуде. Ветеринар мамандардың берген мәліметінше қауіпті инфекция жұқтырған үш адам да бір отбасының мүшелері. Олар бұзауды сойып, етін тұтынған. Содан кейін өздерін жайсыз сезініп, дәрігер шақыртқан. Қазір жұқпалы ауруларды емдейтін ауруханада жатыр. Сібір жарасы бұл адам өміріне қауіпті ауру. Көбіне мал терісін ұстау, еті мен сүтін тұтынудан жұғады. Кентте өзге Сібір жарасы ошақтары анықталмаған. Осыған қарағанда алдын-ала болжам бойын инфекция сырттан жеткізілген жем-шөптен де болуы мүмкін,- дейді мамандар. Біз алдағы уақытта болған жайтқа байланысты тың ақпараттармен бөлісетін боламыз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02