«7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін
«7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін. Бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк бағдарламаны ұзарту жайын қарастырып жатқанын жеткізді. Тіпті оған бөлінетін қаржы көлемі де артуы мүмкін. Өйткені баспана ала алмай жүрген жұрт 100 миллиардтың тым аз екенін айтып шағымданған еді. Алайда бұл мәселеге байыппен қарау керек деді министр. Өйткені «7-20-25»-ке бөлінетін қаржы көлемі ұлғайса, бұл шаршы метр бағасын қайта шарықтатып жіберуі мүмкін. Десе де бұл мәселені қарастырамыз деді Жамаубаев.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41