Қазақстанға Қытай туристері көптеп келуі мүмкін
2024 жыл Қытайда ресми түрде «Қазақстан туризмі» жылы деп жарияланды. Осы ретте елімізге шығыстан саяхатшылар көптеп келеді деген болжам бар. «Ашық алаң» саяси ток-шоуында екі елдің қарым-қатынасын талқыланды. Жыл сайын 150 млн-нан аса Қытай азаматы шет елдерде қыдырып, 250 млрд доллар жаратады. Бұл отандық туризм үшін үлкен мүмкіндік. Саяхатшыларды елге тарту үшін инфрақұрылымды жақсартып, әуе рейстерін көбейту керек дейді сарапшылар. Визасыз тәртіптің енгізілуі де барыс-келістің артуына ықпал етпек. Қазірдің өзінде еліміздің көрікті жерлерін тамашалау үшін аспан асты елінен туристер келіп жатыр.
Жақсыбек Құлекеев, қоғам қайраткері:
Қазір автобустар жетпей жатыр дейді. Шарынның айналасында, Көлсайдың айналасында туристер барып тоқтайтын, тамақ ішетін жерлер, дәретханалар барлығы өте жақсы деңгейде дайындалған. Қазіргі жетпей жатқан нәрсе соларды тасуға автокөліктер жетпей жатыр дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күріштің көлемі қысқарады
04.02.2026, 20:17
Психологтар мен коучтарға қатысты жаңа заң жобасы ұсынылды
04.02.2026, 20:15
Енді зейнетақы тағайындау кезінде әкелердің декреттік демалысы ескеріледі
04.02.2026, 20:14
Мектептерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері сабақ береді
04.02.2026, 20:13
«Нипах» вирусынан сақтану жолдары
04.02.2026, 20:12
Жаңа Конституция: Адам құқықтары басты назарда
04.02.2026, 20:11
«Ақ жол» партиясы Конституциялық реформаны талқылады
04.02.2026, 20:10
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Олимпиаданы трансляциялауға дайын
04.02.2026, 20:09