«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Олимпиаданы трансляциялауға дайын
Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы байрақты бәсекені бүгіннен бастап көрсетеді. Жарыстарды еліміздің ең үздік комментаторлары жүргізеді. Сонымен бірге, Италияға аттанған түсірілім тобы эксклюзив сұхбаттар мен Ақ ойындардың атмосферасын жеткізеді. Бұл туралы корпорацияның Олимпида ойындары телетрансляциясына арналған ресми таныстырылымында айтылды.
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Олимпиаданы трансляциялауға сақадай сай. Екі арна да күн сайын Ақ ойындардың шолуын ұсынады. Сонымен бірге, «Милан-Кортина-2026» студиялық бағдарламасы көрерменге жол тартады.
Нағи Бақытбек, «Qazsport» телеарнасының директоры:
Жарыстар кезінде біздің телеарналар 12-14 сағат тікелей эфирде жұмыс істейді. Сол тікелей эфирде жұмыс істеуге еліміздегі ең мықты 22 комментатор іріктеліп алынды.
Жиырма бесінші Қысқы Олимпиада ойындарына 93 елдің 3 мыңға жуық спортшысы қатыспақ. Олар спорттың 8 түрінен 16 дисциплина бойынша бақ сынайды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан намысын 36 спортшы қорғайды.
Нақтырақ айтқан, шорт-тректен 4, конькимен жүгіруден 5, мәнерлеп сырғанаудан 2, шаңғы жарысынан 7, биатлоннан 4, фристайл акробатикадан 5, фристайл могулдан 4, шаңғымен тұғырдан секіруден 2, тау шаңғы спортынан 2, шаңғы қоссайысынан 1 атлет жүлдеге тасалады.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Лицензияға байланысты. Соны түсіндіріп өтейін: біздің спортшылар барғаннан кейін әсіресе, шаңғы, биатлон сияқты көп дисциплина бар спорт түрінен лицензия белгілі болады жарыс басталғаннан кейін. Себебі, оның өзінің ресми өту квалификациясы бар.
Министрлік пен Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері спортшылардың оқу-жаттығу жиындары ойдағыдай өткенін айтады. Оларды дайындау үшін шетелдерден 13 жаттықтырушы-кеңесші шақыртылған. Ведомство өкілінің айтуынша, атлеттер бабында. Сонымен бірге, Олимпида комитеті үздік нәтиже көрсетеді деген бірнеше спортшыға стипендия бөлген.
Әлімжан Ақаев, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы:
Одан бөлек Михаил Шайдоров мәндерлеп сырғанаудан, ол үшін арнайы бюджет бөлінді Халықаралық Олимпиада комитеті атынан. Әрине ол жерде бір жетістік болып, медаль алып жатса немесе бестікке керіп жатса +ендігі Олимпиадаға Қазақстан квотасына одан да көп бюджет бөлінеді деген сенімдеміз.
Қазір спортшыларымыздың басым бөлігі Италияға жетті. Саңлақтарымыз жанкүйерлерін қолдау көрсетуге шақырды.
Дүниежүзі көз тіккен жаһандық доданың ашылу салтанатын 6 ақпан сағат 23:55 те «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Ұлттық құрама спортшыларына сәттілік тілейміз. Алға, Қазақстан!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы