Мектептерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері сабақ береді
Биыл Абай облысындағы мектептер мен колледждерде оқушылар арасындағы буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін арнайы сабақтар өтеді. Жоба өңірдегі 25 білім беру ұйымында жүзеге аспақ. Сабақты құқық қорғау органдарының өкілдері өткізеді.
Абай облыстық прокуратурасында өткен жиынға да Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Бүгінде облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға арналған «Мейірім» акциясы жалғасуда. Қазір 222 бала түрлі ұйымдарға бекітіліп, 185 баланың есепшотына 56 миллион теңгеден астам қаржы аударылған.
Жиын кезінде үш жақты меморандумға қол қойылды. Бала құқықтарын қорғауға қатысты шараларды облыстық әкімдік, прокуратура мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл бірлесіп атқармақ.
Мейіржан Қалиасқаров, облыстық Прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы:
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан республикасында бала құқықтарына, жалпы адам құқықтарына оның ішінде «Заң мен тәртіп» аясында жүзеге асырылып жатқан оң шешімдерді біздің облысқа береді. Біз облыста алдын алу шаралары құқықбұзушылықтың немесе оны болдырмауға қатысты тәжірибені іске асырамыз. Ұрпақ тәрбиесі тек бір ғана органның мойнына жүктелген шара емес. Бұл жалпы қоғам, оның ішінде барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарына жүктелген Мемлекет басшысының тапсырмасы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы