Ақтөбе облысында ауыл құм құрсауында қалды
Құм құрсауындағы ауыл. Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Жылтыр ауылын құм баса бастаған. Елдімекеннің шетіндегі қоралар мен сарайлар құмға көміліп жатыр. Тұрғындар бұған дейін өз күштерімін ауылды жағалай ағаш отырғызып көрген. Алайда, одан нәтиже болмады. Айтуларынша, құмды тазарту үшін қыруар қаржыға техника шақыртуға мәжбүр. Сондықтан әкімдік тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылса дейді. Жалпы Ақтөбе облысындағы 19 ауылға құм көшкінінен қауіп бар. Былтыр Ырғыз ауданының Жарма ауылындағы құм көшкінін тоқтату үшін 119 миллион теңге бөлінді. 11 гектар аумақ қамыспен қоршалды. Бұл тәжірибе өзге елдімекендерге де қолданылады.
Сәбит Дүйсекенов, облыстық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
Қазіргі таңда Жылтыр ауылында құм тоқтату жұмысы үшін 2 скважина қазылды, 5 метрден су шықты. Бұл еккен талды суару үшін. 2024 жылы сол жерге 35 мың түп сексеуіл егеміз. Жоспарды орындауға тиіспіз, орындаймыз. Одан басқа қарағаш та егіледі. Көңіл бөлінетін болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алакөл туристік маусымға дайын ба?
03.05.2026, 20:08
Құрылыс сапасын ЖИ көмегімен бақылауға болады
03.05.2026, 20:06
«Тарихи оқиға»: Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» ракета тасығышы орбитаға алғаш рет ұшырылды
03.05.2026, 20:05
Жеке сот орындаушыларына қойылатын талап күшейді
03.05.2026, 19:58
Диплом бар, жұмыс жоқ: Еңбек нарығына кадр даярлау қашан реттеледі?
03.05.2026, 19:57
Президент: Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір
03.05.2026, 19:53
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08