Ауғанстанда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан баланың денесін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан баланың денесін тапты

13.10.2023

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанның үш елді мекеніндегі қираған үйлерді аршыды. Наиброфи елді мекеніндегі 700 қираған үйдің үйіндісін қарап, зерделеп шықты. Бөлшектеу барысында құтқарушылар шамамен 5-6 жастағы баланың денесін алып шықты. Сондай-ақ, Ауғанстан өкілдерімен бірлесіп, Наиброфиден 10 шақырым қашықтықта орналасқан Сияхан елді мекеніндегі үйінділердің астын тексерді. Чолк елді мекенінде де үйінділерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер табылған жоқ. Қазақстандық құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті. Жұмыс аяқталған соң Төтенше жағдайлар министрлігінің жасағы Герат қаласына жолға шықты.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу